You are currently viewing Құрметті өнерсүйер қауым!

Құрметті өнерсүйер қауым!

Сіздерді 2026 жылдың 17 мамырында сағат 12:00-де Халықаралық музей күніне орай Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында өтетін Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Әлжан Рүстем Мансұрұлының «Шалқыма» атты жеке көрмесінің ашылу салтанатына шақырамыз.

Көрмеде суретшінің 60-қа жуық туындысы ұсынылады. Импасто техникасымен орындалған авторлық жұмыстар қалың жағылған бояу мен бедерлі фактура арқылы тереңдік пен қозғалысты айшықтап, көрерменге ерекше эмоциялық әсер сыйлайды.

Жарық пен көлеңкенің үйлесімі әр туындының мазмұнын ашып, суретшінің ішкі жан дүниесі мен шығармашылық толғанысын әсерлі жеткізеді. Автордың еңбектері көркем ойының тереңдігімен, шеберлік қолтаңбасымен және дара стилімен ерекшеленеді.

Көрме 2026 жылдың 17 маусымына дейін жалғасады.

Келіңіздер, заманауи кескіндеменің бояуға толы сырлы әлемімен қауышып, туындыларды бірге тамашалайық!