Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Стамбул қаласындағы «Оғыз феномені: Ұлы Даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық көрмесі мен конференциясы өтетінін хабарлаймыз.
Бұл шара оғыз мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен таныту мақсатында Қызылорда облысы әкімдігі мен ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесе ұйымдастырылып отыр.
Ауқымды мәдени жоба түркі өркениетінің тарихи тамырларын тереңінен танытып, Ұлы Дала мен Анадолы арасындағы мыңжылдық рухани және мәдени сабақтастықты айшықтауға бағытталады. Халықаралық көрмеде Ұлы Дала кеңістігінен бастау алып, Анадолы жеріндегі тарихи жалғасқан оғыздардың рухани және материалдық мәдениеті ұсынылып, Сырдария оғыздарының тарихи-мәдени мұрасы, оның ішінде біздің заманымыздың ҮІІ-ХІ ғасырларында өмір сүрген даңқты ортағасырлық Жанкент, Жент, Сортөбе қалашықтарынан табылған бірегей археологиялық және этнографиялық жәдігерлер ұсынылады.
Өтетін орны: Стамбул қаласы, Түрік және Ислам өнері музейі
Өтетін уақыты: 7.04.2026 ж , сағат 17.00-де
