You are currently viewing

Сыр өңірінен бастау алған рухани мұра бүгінде Стамбул төрінде таныстырылып, жергілікті халықтың қызығушылығын оятып отыр. Түрік және ислам өнері музейі қабырғасында өтіп жатқан «Оғыз феномені: Ұлы Даладан Анадолыға дейін» көрмесі арқылы Стамбул жұртшылығы Сыр елінен жеткен тарихи құндылықтармен танысып, Ұлы Дала мәдениетінің тереңдігін сезінуде.